Kyzylorda-news.kz Сан ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық өнеріміз тамыры тереңде екені белгілі. Киелі Қармақшы өңірінде мәңгілік мекен тапқан Қорқыт бабамыздың мұралары ұлтымызға ең құнды қазына ретінде бағалы. Жыраулық, күйшілік дәстүрлер атадан- балаға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны бүгінгі күннің нақты дәлелі. 

Кеше Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Қорқыттан қалған қоңыр үн» деген атаумен өткізілген бұл өнер байқауының ерекшелігі, маңызы мен мақсаты да ұлттық өнерімізді ұлықтау болып табылады.
Өнер бәйгесіне Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Арал, Жалағаш аудандары мен Байқоңыр қаласы және Қызылорда қаласынан 50-ге жуық өнерпаз қатыстырылды.

Байқауға қатысушылар өнердің 2 жанры бойынша бақ сынады. Бірінші кезекте Дәстүрлі ән-жыр өнері бойынша бақ сынасса, екінші кезеңде дәстүрлі күй өнері бойынша өнерлерін ортаға салды. 

Өнер байқауының құттықтау сөзі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Еркінбек Ерсұлтанов беріліп, қатысушы талапкерлерге ақжолтай тілек білдірді.

Байқаудың қазылар алқасының сапында  белгілі /жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Серік Жақсығұлов, / Бегімсалова қылқобызшы, Қызылорда қалалық Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Айнуза Берікболқызы,  күйші, Қызылорда қалалық Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Нұриддин Ахметовтер болды. Олар жас талапкерлердің өнерлерімен танысып, сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберліктері, және дауыс мәнерлеріне жан- жақты талдау жасады. 

Сайыс нәтижесіндн «Дәстүрлі ән-жыр» жанрының үлкен тобы бойынша І орын қармақшылық Әдемі Молдыбековаға бұйырса, ІІ орынды Шиелі ауданының өнерпазы Балауса Жанғали мен қармақшылық Айсауле Тілеген иеленді. Ал ІІІ орынға   ауданымыздың қос өнерпаз қыздары Көркем Әбдірахман  мен Еркеназ Аманқос жайғасты. «Дәстүрлі ән-жыр» жанрының кіші тобы бойынша І орын Олжас Сүлеймен алса,  ІІ орынды аралдық Бекетай Жасұлан мен Фатима Мархабатова иеленді. ІІІ орынға Қайрат Сырым мен Жанерке Құлтаевалар еншіледі. 

Үлкен топ бойынша «Дәстүрлі күй» жанрының үлкен тобы бойынша бас жүлде – Сырдария ауданынан келген Алмас Дінмұхаммедке бұйырды. Ал І орынды Салтанат Темірбай мен Ахетжанова Інжумаржан иеленді. Ал ІІІ  орынға байқоңырлық Оңболсын Қолқанат пен шиелілік  Қайрат Сандуғаштар жайғасты.

Ал «Дәстүрлі күй» жанрының кіші тобы бойынша І орынды Нұрмұхаммед Әбдіғаппар, ІІ  орын Сәбинұр Темірбай мен ауданы Ғибрат Қадыржанұлылар алды. Ал ІІІ орын Жансұлу Ермекқызы мен жалағаштық Нұрлан Ғафурға бұйырды. 
«Дәстүрлі күй» жанрының қобыз аспабы бойынша І орын  Қызылорда қаласының өнерпазы Жанель Қуанышбекқызы еншіледі. ІІ орынды Сұлтанбек Қыдырбай мен Айшолпан Амантай иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынға  қызылордалық Шадияр Жақсығұлов пен байқоңырлық Айдана Жандарбековаға бұйырды. 

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар Дипломдармен, сыйлықтармен, ұстаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнердің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналып, жастарға тамыры терең тәлімнің, елжандылық пен батырлықтың, туған жерге, елге адалдық, адамгершілік қасиеттердің ұтымды насихатталуы деп ұғамыз. 
 

Тағы да оқыңыз: