Kyzylorda-news.kz  Қазақ қашанда қайырымды іс қылғанды құп көреді. Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиетінің бірі саналады. Өйткені көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек көрінісі осы қасиет арқылы байқалады. Мұқтаж жандарға жақсылық жасау – бұл адам баласының ең ізгі амалы. Сондықтан жақсылыққа жаны құмар жандар өмірдегі бақытты адамдар екені анық. 

Қазақта «Кең болсаң, кем болмайсың» деген нақыл бар. Мұның астарына үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзейді. Осы орайда Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында «Наурызнама» онкүндігінің екінші күні қайырымдылық шараларымен жалғасты.

«Қармақшы ата» мешіті алаңында «Наурыз мейірімі» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осындай игі іс-шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Рахат Қожанов қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Акция барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 50 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды.  Сонымен қатар акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын табуда. Мұнан бөлек жоспар бойынша қосымша 100 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылуда.

Тағы да оқыңыз: