Kyzylorda-news.kz  Бүгін «Қараөзек ауылдық клубы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен халқымыздың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған «Фариза жыры - поэзия сыры» атты әдеби-сазды кеш өтті.  
Фариза Оңғарсынова еліміздегі нәзік жанды жазба ақындарының ішіндегі шоқтығы биік тұлға. Оның жазған өлеңдерінен өрлік пен ерліктің сыршыл сұлулықтың, ұлылықтың сырын ұғуға болады. Оның отты жырлары ұлттың қуанышы да, жұбанышы да болған. Ақын қыз шығармаларында әйел тақырыбы жиі қозғап, қоғамның ащы шындығын бүкпесіз жырлай білген. Халқы оны осы үшінде ерекше құрмет тұтқан.
Шарада Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы мен өмір жолына арналған бейнематериал көрсетілді. Сондай-ақ, ақынның өлеңдері, шығармалары оқылды. 
Қайсар рухты ақын қыздың өлеңдеріне сазгерлер ән жазған. Әдеби кеште ақын сөзіне жазылған әндер де жиылған жұртшылыққа жол тартты. 
Сонымен қатар, кеште мәдениет саласының ардагері Жібек Әбдіжәлелова ауылдың оқушы жастарына ақынның шығармашылығы жтуралы кеңінен  баяндап берді. Ал №10 кітапхана меңгерушісі Досмырзаева Мираш арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілікке таныстырды. 
Әдеби-сазды кешке жиналған ауыл тұрғындары мен жастар, оқушылар рухани демалып, ақын шығармашылығымен танысып қайтты.

Тағы да оқыңыз: