Kyzylorda-news.kz. 6 наурызда Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде "Ғарыш дауыстары" атты жаңа мангасын басып шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Voices of space" ("Ғарыш дауыстары") – 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей даусымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды. Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Сурет: dimashnews.com

Тағы да оқыңыз: