Kyzylorda-news.kz Социалистік Еңбек Ері, даңқты механизатор Жадыра Таспамбетованың туғанына 70 жыл толуына орай облыстық кітапханада «Еңбекпен өрілген өмір» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – рухы мықты, тұлғасы биік, қайсарлықтың қайыспас үлгісін танытқан еңбек ерінің елі үшін атқарған ерен еңбегін жастарға үлгі-өнеге ету, еңбекқорлық пен қайсарлыққа баулу.

Шараға Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Қызылорда қаласының Құрметті Азаматы С.Әбішов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И.Таутенов, Ж.Таспамбетованың балалары С.Кейқуатов, А.Қалтайқызы және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттері қатысты. Кеш қонақтары күллі қазақ қыздарының даңқын асырған қайсар ана Жадыра Таспамбетованың еңбек жолы, еңбексүйгіштігі, тағдырға мойынсұнбаған қайсар мінезі, адамгершілік қасиеттері туралы естеліктерімен бөлісті. Балалары аналарының үлкен маңдай тердің, қажымас қайраттың, өзіне таудай талап қоюдың арқасында ел алғысына бөленгенін, жүрген жерінде шуағын шашып жүретін бойындағы асыл қасиеттерін сағынышпен еске алды.Оқырмандар арнау өлеңдерін оқып, ән-жырдан шашу шашты.

Оқырмандар назарына «Қайсар ана Жадыра» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Тағы да оқыңыз: