Kyzylorda-news.kz.  Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің, молшылық пен тоқшылықтың арқауы болған Әз-Наурыз мерекесі Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында да жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шараларды ауыл әкімі Қайролла Қалданов ашып беріп, ауыл тұрғындарына лебізін білдірді. Ауылдағы мекемелердің дайындаған наурыз көжесі таратылып, дастарханнан ұлттық дәм ұсынылды.

Ауыл тойының ерекшелігі Ұлттық мерекеге орай түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, сайысқа қатысушылар өздерінің бақтарын сынады. Әйелдер мен ерлер арасындағы қазақша күрес, қой көтеру жарысы, 50 келілік қант көтеру, арқан тарту, қол күресі ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, отбасылық жұптардың арасында қаппен секіру сайысы да өтті. Ауылдағы 7 мекеме арасында салт-дәстүрден көрініс қою, наурыз көже пісіру сайыстары да ұйымдастырылған.

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген «Еңбек-жер» ЖШС-нің басшысы Шакизатхан Әбдіқаппарұлының демеушілігімен барлық сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен қаржылай сыйлықтар таратылды.

Мұнан бөлек, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарға және мерекеге жиналған қонақтарға «Асылзат» мейрамханасында арнайы ас берілді.
 

Тағы да оқыңыз: