Kyzylorda-news.kz  «Халықтың әні кетсе, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, қазақ қоғамында домбырасыз ән де, сән де жоқ. Туғанда дүние есігін өлеңмен ашқанда қазақ домбырамен думандатқан. Одан соң бала шақтан қолына қос ішекті аспапты ұстатып, барлық құндылық осында екенін түсіндірген.

Қос құлағын бұрап тұрып, әуелетіп ән айтып, күмбірлетіп күй төккенде делебесі қозбайтын жан болмасы анық. Ер жетіп, есейгенде ер жігіттің бес қаруымен домбырасы да қатар жүрген. Өйткені, бұл қандай сәтте болмасын адамға жігер береді, қайратты, өр рухты болуға үндейді. Жігіттің жан серігі болып, оның ақылды, батыл екенін ғана емес, өнерлі екенін де ұғындырады. Қазақ қызы өз теңіне қосылғанда беташары да осы домбырамен жүзеге асады. Осыдан-ақ, ұлттық аспаптың қадір-қасиетін біле берген жөн.

Соның негізінде «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалыны мен «Жастар Рухы» жастар қанаты бірлесіп «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Ұлттық домбыра күніне» орай орталық алаңда өнер кешін өткізді.

Өз өнерлерін қалың көрерменге паш ету үшін «Қазанғап атындағы Жоғарғы музыкалық колледжінің» өнерпаздары да қолдау білдіріп, атсалысты.

Кеш аясы қыза түскен шақта қала тұрғындары да домбырада ойнауға ынта білдіріп, өзара сайысты. Боз бала мен бойжеткендер, үлкендер де домбыраның құлағында ойнап, қазақтың күйлерінен тарту етіп, партия атынан кәдесыйларға ие болды.

Шараның мақсаты - халық көп шоғырланатын аумақтарды мәдени орынға айналдыра отыра қала тұрғындары мен  қонақтарына ұлттық өнерімізді дәріптеу.

Кеш көрермендері ұлттық рухқа қанық өнер шарасын биік бағалап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

2.jpg3.jpg4.jpg

Тағы да оқыңыз: