Kyzylorda-news.kz Әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда туған күніне орай фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу Almaty Arena стадионында "D and Dears" деген атпен ұйымдастырылады. Ол "Stranger" концертінің кинотеатрларға шығуына орайластырылмақ.
Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар, – деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша 27 мамырдан бастап Астанада өткен Stranger шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.
Фото: Жеке инстаграм парақшадан