Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Дильназ Ержігітова «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» ұйымдастыруымен өткен «Білімді қыздар – ұлттың ұйытқысы» атты республикалық студенттер айтысында Бас жүлдені жеңіп алды.

Суырып салма ақындық өнерімен көзге түсіп жүрген Дильназ үшін бұл – университет қабырғасында жүріп қатысқан екінші айтыс. Бұған дейін ол Алматы қаласында өткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дәстүрлі VIII халықаралық «Менің пірім – Сүйінбай» атты жас ақындар айтысында жүлделі ІІ орын иеленген болатын.

Айтыс – халқымыздың рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіретін өнер. Дильназ осы өнерді ұлықтап, суырып салма қабілетімен дараланып келеді.

Университет ұжымы жас ақынға алдағы шығармашылық жолында сәттілік пен шабыт тілейді.

Тағы да оқыңыз: