Kyzylorda-news.kz  Жақында  Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тапсырысы бойынша, «Сырдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Чернобыль АЭС апатынан зардап шеккен азаматтарды еске алуға арналған іс-шара өткізілді.

Аталған Іс-шараға  апатты залалсыздандыруға атсалысқан азаматтар мен апатты жоюға барған жерлестеріміздің жұбайлары қатысты. Тағылымды іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы ашып, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлерге, сондай-ақ Ауған соғысына, Таулы Қарабах, Тәжік-Ауған шекарасының қақтығысына қатысушыларға арнайы «Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

– Өткен ғасыр шеңберінде  адамзат үшін қауіптілігі жоғары Чернобыль АЭС апатының орын алуы әрине қиындыққа соқтырды. Біздің арамызда апаттың орын алғандығын көзбен жандар баршылық. Үнемі біз оларға құрмет көрсетете береміз. Ардагерлердің денсаулығы сыр беріп, радиация зардабын айқын сезінуде. Сонымен қатар Ауған соғысына, Таулы Қарабах, Тәжік-Ауған шекарасының қақтығысына қатысқан жандар  қай кезеңде де лайықты ерлік көрсете білді. Жыл сайын аудан көлемінде мазмұмыны терең іс-шаралар жүзеге асырылады, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Тағы да оқыңыз: