Kyzylorda-news.kz «Сыр елі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында ұйымдастырылған көш керуенінің ауылға аялдауы тұрғындар үшін ерекше әсерлі сәтке айналды. Бұл күні ауыл жұртшылығы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрімізді жаңғыртқан мағыналы да мазмұнды мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.
«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атауымен өткен мәдени кеште түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсем әуендер мен ұлттық нақыштағы көріністер тоғысқан сахнада татулық пен достықтың, бейбітшілік пен келісімнің үні шырқалды.
Кештің көркін «Ассамблея жастары» ұйымының 50-ден аса белсенді мүшесі ашты. Олар ән мен биден шашу шашып, ел бірлігі мен достығын арқау еткен өнерлерімен көрермендердің жүрегінен орын алды. Жастардың өнері мен жалынды жігері көрермендерге ерекше рух пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Фото: Ассамблея Қызылорда