Kyzylorda-news.kz Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі 22 маусымда Астанада болған ірі өртті сөндірген қызметкерлердің фотосуреттерін жариялады. Жұртшылық желідегі суреттерді қызу талқыға салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл суреттер желіде де таралып, көпшіліктің назарын аударып қызу талқыға түсті. Көпшілік елімізде өрт сөндірушілердің еңбегі дұрыс бағаланбай жатқынын алға тартты. 

“Не деген еңбек. Қарапайым адам мына аптап ыстықта көшеге шыға алмай отыр. Ал жігіттер ыстыққа қарамай, ауыр жұмыс киімдерімен, жалын арасында жүр. Оларға жалақыны көтереді деп тек құр уәде береді”, “Бізде тек біреу мерт болса ғана кейін еңбегі еленеді”, – деп бөлісті желі қолданушылары.

Еске салсақ, 22 маусымда Астанада "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында тұрғын үйден ірі өрт шыққан еді.

 

Тағы да оқыңыз: