Kyzylorda-news.kz. Еліміздің еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев NEGE порталына берген сұхбатында Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі аудандық өнерпаздардың деңгейіндегі әншілер екенін айтқан. Әншінің айтуынша Кеңес заманында мұндай әншілер телеарналарға шығарылмаған.
«Өздері ренжімесін, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды әншілер Кеңес заманында да болған. Бірақ ондай таланттар аудандық өнерпаздардың деңгейінде саналғандықтан, телеарналарға шығара бермейтін. Барлығы дерлік көркемдік кеңестің сүзгісінен өтіп барып, жалпақ жұртқа таныстырылатын. Ал қазір пысықтардың заманы. Осының салдарынан ел танымайтын әншілер эфирде жүр. Меніңше, мемлекет орталық радио-телевидениедегі билікті өз қолына алатын уақыт жетті. Мығым бақылау жасамаса, желіде жұлдыз болғанның бәрі кәсіби әртістермен жағаласып кетті. Бұл үрдіс өнердің көсегесін көгерте алмайды. Музыкалық білімі жоқтар кәсіби әншілердің бағын байлап жатыр», - деді Байқтияр Тайлақбаев.