Kyzylorda-news.kz Өткен жыл «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі үшін жағымды жаңалықтарға толы болды деп айтуға болады. Ең маңыздысы – жаңа бағыттағы өзгерістер. Алғашқысы – білім беру саласын цифрландыру аясында колледжіміздің бітіруші түлектеріне тапсырылатын дипломдар бланкі де QR кодпен беріле бастады. Студенттердің шәкіртақысының 50 пайызға көтерілуі де осы жылдың жағымды жаңалықтарының бірі болып отыр.
– Колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының ІІІ курс студенті Еркебұлан Жарылқапов «WorldSkills Kazakhstan – 2023» республикалық кәсіби шеберлік конкурсына «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысып, бақ сынады. Бәсекеге қабілеттілікті арттыратын сайыстардың нәтижесінде колледждің бірқатар ұстазы біліктілік арттыру курстарынан өтіп, биік белестерден көрінді. Әріптесіміз Шынаргүл Назарова «WorldSkills Kazakhstan – 2023» республикалық байқауының сертификатына ие болды. Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында әскериқолданбалы спорт түрінен «Отан қорғаушы – 2023» облыстық сайысына АӘД пәнінің оқытушысы Айбек Райымбаев студенттер қатыстырып, жүлделі орындар алды. ТМ-122 оқу тобы студенті Сәли Битөре АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу мен жинақтаудан І орын, Ғ-221 оқу тобының студенті Дамир Шынтемірұлы капитандар сайысынан ІІІ орын, А-120 оқу тобының студенті Нұрбол Оралбеков белтемір көтеруден ІІІ орын иеленді. Білім саласының ардагері Сәду Калимахановты еске алуға арналған президенттік тест сынама түрлерінен өткізілген облыстық жарыста 100 метрге жүгіру бойынша МС-123 оқу тобының студенті (жетекшісі Ғабит Қалыбаев) жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Халықаралық деңгейде өткізілген «Біздің біліміміз – біздің қауіпсіздігіміз» атты ІХ ашық чемпионатта колледж командасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. «WorldSkills Kazakhstan – 2023» байқауының облыстық кезеңінен колледж студенті Али Маханбет (жетекшісі Сәкен Есеналиев) «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша ІІІ орынды иемденді. «Ұлағатты ұрпақ тәрбиесі бүгіннен басталады» атты облыстық конференцияға колледж оқытушысы Сәкен Есеналиев қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі ұйымдастырған «Кәсіпкерлік – тұрақтылық және табыс» атты облыстық байқаудан студентіміз Еркебұлан Жарылқапов (жетекшісі Гүлжазира Байтерекова) ІІ дәрежелі диплом алды. Алдағы жылдың еншісінде жаңа мамандықтар ашу жоспарымызда тұр, – деді Шолпан Дәуленбаева, академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Оқу жылының басында мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарлары, оқытушылардың жылдық жүктемелері, топтардың сабақ кестесі, өзара сабаққа кіру кестесі, факультативтік сабақ кестесі, ашық сабақ және апталық кестелері, үйірме жұмысының жоспарлары, сонымен қатар «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспарлары бекітілген. Оқу жылынан бастап колледжде барлығы 35 педогог оқытушы қызметкерлер жұмыс істеп келеді. Колледж оқытушыларының сандық сапалық құрамы бойынша жоғары, бірінші санатты және педогог-зертеуші, педогог-сарапшы, магистр оқытушыларыды есептегенде – 31,4% құрайды.
2023-2024 оқу жылында мемлекеттік бюджет (грант) негізінде оқитын – 20 топ, ақылы негізінде 1 топ білім алуда. Барлық оқу тобының саны – 21. Биылғы оқу жылында сабақ уақытысы 80 минут, 1 апталық сабақ күндері 36 сағатты құрайды. Жұма және сенбі күндері факультативтік сабақ кестесі бойынша әр топқа 4 сағаттан, яғни аптасына 2 рет сабақ жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің 25 инженер педагогтері ақылы негізде «TALAP» акционерлік емес қоғамымен жүргізілген біліктілік арттыру курсынан өтті. Ақылы негізде колледж директоры, 3 директордың орынбасары, «Дене тәрбиесі» пәнінің 2 оқытушысы біліктілік арттыру курсынан өтті. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 2 оқытушы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Сонымен қоса 2023-2024 оқу жылында 2 жалпы пән оқытушылары республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен біліктілік арттыру курсынан өтті.
Колледжде «Сыбайлас жемқорлыққа» байланысты Байқоңыр қалалық прокуаторасымен 2 жақты, «Діни экстремизмге» байланысты, «Жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша, «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілік сипатындағы зорлық-зомбылық қылмыстары, кәмелетке толмағандар мен қылмыстар, суицидтің алдын алу» жөнінде, «Есірткі және нашақорлықтың алдын алу» профилактикалық шараларының 2023-2024 оқу жылдарына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілділігімен 3 жақты жұмыс жоспарлары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, – деді колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Білім беру мекемесінде қоғамдық жастар арасында белең алып бара жатырған өзекті мәселелер «Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүкітіліктің алдын алу» тақырыбы аясында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі ітер министрлігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы, полиция полковнигі Алтынбек Ахметов, Полиция бастығының қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Илья Шкрум, Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жандос Кулманов, Қазақстан Республикасы Ішкі ітер министрлігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ерлан Баймаганбетов Ресей Федерациясы Iшкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы кәмелетке толмаған жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Гулсезим Зуева қатысты.
Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында Байқоңыр қалалық прокуратурасы пракурорының көмекшісі Бөлекбай Еркін, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Мурзагалиева Мерейдің қатысуымен жастардың арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары туралы "Есірткі және жасөспірім" тақырыбында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында синтетикалық есірткінің, есірткі сатумен айланысатын адамдардың арбауына түспеу жолдары қарастырылды. Есірткі қабылдаған 10 адамның тек біреуі, өте ұзақ емделу арқылы ғана сауығатыны айтылды, оңай ақша табамын деп есірткі сатушылардың жалған уәдесіне сенудің қажеті жоқ екені ескертілді.
Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүниежүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында сала мамандарымен бірлесе отырып «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде 1-курс студенттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Шараға Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының дәрігер психологы Серікова Мөлдір, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмаған жасөспірім істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы М.Мурзагалиева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргаш Айбосынова, колледж медбикесі Молдир Пошанова қатысып, тақырып аясында өзекті ақпараттармен бөлісті. Шара соңында студенттер сала мамандарына сұрақтар қойып еркін пікір алмасты.
Қызылорда облыстық білім басқармасының және Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспары негізінде «Кескіндеме және сәндік жұмыстар», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», құзыреттіліктері бойынша колледжішілік «WORLDSKILLS» республикалық кәсіби шеберлік конкурсына жүлделі жеңістерімен танылып жүрген студенттің бірі – Жарылқапов Еркебұлан да қатысып, І дәрежелі дипломға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Мұнан бөлек «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық жобалау – техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу процесін құру мен ұйымдастырудағы инновациялық стратегиясы» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны үшін колледжіміздің 25 оқытушысына сертификат тапсырылды. Сонымен қатар Қызылорда облыстық оқу орталығы мен М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында «Үздік техник-2024» атты облыстық байқауға ТМ-122 оқу тобының студенті Максутов Елмұрат (жетекшісі Ажар Арықбаева) қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Оқу орнындағы биылғы жылдың басты жаңалығы – заман талабына сай мамандар даярлауда өзіндік тәжірибесі бар білім ордамыздың құрылғанына 20 жыл толып отыр. Бұл айтулы датаға орай көптеген іс-шаралар жоспарлануда. Сәуір айында «Жас өнертапқыш – 2024» тақырыбында халықаралық байқау өткізілетін болады.
Наурыз мерекесі қарсаңында «Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде “ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰТТЫ НАУРЫЗЫМ" такырыбында мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік іс-шарамыздың қадірлі мейманы болып "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Е.О.Рзалиев, «АСАРПЛЮС» ЖШС директоры С.Б. Жумадиярав, ата-аналар комитетінің мүшесі Р.Артыкбаева, "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі К.А.Муханова қонақта болды.
Шара барысында салт-дәстүріміздегі әдет-ғұрыптарды дәріптеу мақсатында колледждің студенттерімен ұстаздарынан құралған әр топ ауыл-ауылға бөлініп, атап айтсақ «Жиенқұлов» ауылы құда күту, «Бәйтерек» ауылы сырға салу, «Үйрек» ауылы келін түсіру, «Абай ауылы» бесікке салу, Жамбыл ауылы тұсаукесер көріністерін көрсетті. Сонымен қатар келген қонақтарды шашу шашып қарсы алып, Наурыз көжеден ауыз тигізді. Домбырамен тартылып, әндер шырқалды. Қаймағы бұзылмаған қазақы салт-дәстүріміз қайта қанат жайып, ұлттық спорттық ойындар ойнатылды.