Жуырда Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен және Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының «Өркендеу ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруыменөзінің өткір, әділ шешімімен қарақылды қақ жарған белгілі би, ел билеген Сырлыбай хан Шабақұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Сырда туған Сырлыбай хан» атты балалар шығармашылығына арналған 13 жас пен 17 жас аралығындағы аудандық термешілер байқау өтті.

Байқаудың ұйымдастырушылардың мақсаты – Сыр бойы қазақтары мен Хиуа, Қоқан хандықтарына белгілі би, әділдігі мен қайраткерлігінің арқасында үлкен бедел иесі бола білген Сырлыбай Шабақұлын еске алу мақсатында, жыр-терме арқылы жас ұрпаққа дәріптеу болып табылады.

Төл өнерді ұлықтаған сайыста ауылдық клуб әдіскері және ауылдық жастар ұйымының төрағасы Мурзалиев Талап Алтынбекұлы ашып, Сырлыбай ханның өмір жолы мен шығармашылғына қысқаша тоқталып өтті. 

Әрі қарай ел ағасы, Жанкент ауылының дамуына сүбелі үлес қосқан Үргенішбай Нәби Мәлиұлы мен ауыл ақсақалыКөмекбай Бөлекбаев алғы сөз сөйлеп,жас өрендерге сәттілік тіледі. Байқауда бақ сынауғаауылдық мәдениет үйі мен клубтардан 4 ауылдық округтен,Әйтеке би кенті мен Қазалы қалалық мәдениет Үйінен барлығы 13 талапкер қатысып, IIкезең бойынша өнерлерін сарапқа салды. 

Аталған өнер додасындаӘйтеке би кенттік мәдениет ҮйіМКҚК-ның директоры Сүлейменов Нұрлыбек Байқараұлы менжыршы-термеші Ердаулетов Кеңес Болатбекұлы және Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ілияс Айткүл Нұртуғанқызы қазылық етті.

Қазылар алқасы жас өнерпаздардың сахна мәдениетін игеруі мен орындаған жыр-термесін тыңдап, сонымен қатар шеберліктеріне, киіміне үлгісіне жіті мән беріліп, әділ бағасын қойды.

Тартысты өткен өнер додасында әділ-қазылар шешімі бойынша көпті басып озғанӘйтеке би кенті «Адиля» өнер орталығының өнерпазыАйдын Мырзабай бас байқаудың жүлдесін жеңіп алды. Ал жүлделі I орындыЖанкент ауылының өнерпазыӨркен Қойшыбай иемденсе,II орынды Қазалы қалалық мәдениет Үйінің өнерпазыМеруерт Таңсықбайжәне III орынды Қожабақыауылының өнерпазыЫқпалЕлтай мен «Қорқыт Ата» атындағы музыка мектебінің өнерпазыАлдияр Өтептерөзара бөлісті.

Онан соң өнерімен көрермендер жүрегінен орын алған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Нақытрақ айтсақ, Жанкент ауылының өнерпазыЖарасхан Қашқынбай«Дарынды», «Талапты» номинациясынҒани Мұратбаев ауылының өнерпазыТөремұратТемір иеленді. 

Сондай-ақ БақтиярЖақсыгелдиев, Алтынбекқызы Айзат, Ертуған Ерзат, Ерқосаева Нұрай, Шаңғытбай Ерназ, Жеткерген Зейнеп сынды басқа да қатысушы өнерпаздарғааудандық балалар шығармашылығына арналған термешілер байқауыныңдипломы және бағалы сыйлықтар табысталды. 

«Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Толғау мен терме соның бір көрінісі. Халқымыз ықылым заманнан келешек тағдырына алаңдаушылық білдіргені тарихтан мәлім. Келешек тағдыры дегенде елін, жерін, ұрпақ тәрбиесін, тілін, дінін айтып отырмыз. Осы қасиеттердің ұрпақ санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта терең мәнді терме өмірге келген. Ата-бабадан жеткен өнердің бүгінгі күнге дейін жетіп, тіпті жастар арасында өзіндік танымалдылығына, сүйіспеншілігіне ие болуы көз қуантады. Жалпы ауданда жыр-терме өнерін дамыту мақсатында осы тектес көптеген байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Ұлттық өнеріміз осылай ұлықтап жүрейік, санамыздан, бастысы жүрегімізден өшпесін дегім келеді», – дейді Жанкент ауылдық клуб әдіскері және ауылдық жастар ұйымының төрағасы Талап Алтынбекұлы.

Тағы да оқыңыз: