Kyzylorda-news.kz Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев "AMANAT" партиясының аудандық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын.

Қабылдауға 6 тұрғын келіп, өз мәселелерін көтерді. Олар кәсіпкерлік, балық шаруашылығын дамыту, тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу, аудан орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйі, тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерімен жүгінген еді. 

Аудан басшысы кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп бастауға болатыны жөнінде, жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтты. 

– Жалпы аудан көлемінде жергілікті халық жеке қабылдауына жазылып, жеке мәселелерін көтеріп жатады. Шын мәнінде, әрбір қабылғау келген азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдау арқылы мәселені басты назарға аламыз. Әрине, кез келген салаға жауапты басшыларға тұрғындардың мәселесін шешуге қатысты жұмыстар жүргізіледі. Мәселенің маңыздылығы зерделенеді. Кезең-кезеңі бойынша шешімі табуға тиісті дүниелер түбегейлі қарастырылады, – деді аудан басшысы. 

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.

 

Тағы да оқыңыз: