Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш Президент күніне орай «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Болашақ бүгіннен басталады» атты мерекелік концерт өтті. Шараға тәрбиеленуші балалар мен Қызылорда облыстық «Nur Otan» партиясы «Халық» бастауыш партиясының төрайымы Айнұр Шорабекқызы мен өзге де сала өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы «Халық» бастауыш партиясының төрайымы Айнұр Шорабекқызы балаларды мерекелерімен құттықтап, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың авторлық  кітаптарын сыйға тартты.

 «Балалар өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Барлығы да өнерлі. Би, ән айтады және арнайы көрме де жасап қойды. Бұл көрмеде балалар өздерінің декоративтік жұмыстарын, сурет жұмыстарын бізге ұсынып жатыр. Алдағы уақытта осындай тәлімі мен тәрбиесі мол іс-шараларды балалар үйімен бірлесіп ұйымдастыратын боламыз», – дейді «Nur Otan» партиясы «Халық» бастауыш партиясының төрайымы Айнұр Шорабекқызы.

Отанды сүйіп, мақтан тұтуды және мәдени мұрасын құрметтеуді бала бойына ерте жастан сіңіру қажет, дейді шараны ұйымдастырушылар. Бұл күні балалар өнерлерін көрсетіп қана қоймай, Тұңғыш Президент жайында көптеген қызықты мағлұматтармен де танысты.

Тағы да оқыңыз: