Kyzylorda-news.kz. Арал қаласындағы мекемелер арасында өнер байқауы өтті.

З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде Арал қаласының 95 жылдығына орай «Туған жерім- Аралым» атты мекемеаралық өнер байқауы өткізілді. Байқауға қаладағы 12 мекеме ұжымы қатысып, бақ сынады.

Мерекелік шарада Арал қаласының әкімі Е. Талекенов сөз алып, жиналған көпшілікті мерейтоймен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға келушілер алдымен мекемелердің ұйымдастырған түрлі бұйымдар, суреттер, альбомдар және жергілікті өнімдер қойылған көрмені тамашалады.

Сайыс шарты бойынша алдымен әрбір ұжымнан құрылған топ өз мекемелерін таныстырып, жетістіктеріне тоқталды.
Одан соң «Аралым- ең көрікті мекенім» тақырыбында Арал қаласының көрікті жерлерінен түсірілген бейнероликтерді көпшілік назарына ұсынды.

Мұнан кейін соңғы кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Тартысты өткен өнер байқауының нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Арал индустриалды-техникалық колледжі жеңіп алды. Жүлделі I орынды Халыққа қызмет көрсету орталығы иеленсе, II орынға аудандық кітапханалар жүйесі мен ауданаралық ауруханасы  ие болды. Ал үшінші орынды аудандық өнер мектебі, №220 орта мектебі, №62 мектеп-лицейі және Гүлдер балабақшасы өзара бөлісті. Қалған мекемелерге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған мекемелерге арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.

310849090_3392434531084909_1235418686726280358_n.jpg

Тағы да оқыңыз: