Kyzylorda-news.kz. Биыл КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, әнші Роза Бағланованың туылғанына 100 жыл.

«Қазақ деген халықтың еркесімін» атты концерттік бағдарламаны ұсынған ұжым мүшелерін Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов қабылдады. Серік Сағитжанұлы арнайы келген қонақтарды Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, әнші Роза Бағланованың туылғанына 100 жыл толу мерекесімен құттықтады.

«Биылғы жыл біз үшін мерекелі жыл болып отыр. Айдынды өлке үшін ерекше жыл. Арал қаласына 95 жыл болса, ашаршылық жылдары Повольже тұрғындарына 14 вагон жіберген қайырымды іске 100 жыл толып отыр. Теңіздің өлкенің қос қуанышына өздеріңіздің келіп ортақтасқандарыңыз аралдықтар үшін үлкен мәртебе»,-деді аудан басшысы.

Еліміздің бас концерттік ұйымының ұжымына аудан әкімі алғысын білдіре отырып, құрмет-қошемет көрсетті.

Ерекше талант иесі, дала сандуғашы атанған белгілі әншінің 100 жылдық мерейтойына орай Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы орталық алаңда аудан халқына арнап «Қазақ деген халықтың еркесімін» атты концерт өткізді.

Мерекелік шарада аудан әкімі С. Сермағамбетов: 

«Әсем әуенімен туған халқымен бірге жарты әлемді тамсандырған дала сандуғашы Роза Бағланованың әуезді әндері халық жадында мәңгі сақталды. Роза Тәжібайқызының өзі іргетасын қалауға белсене атсалысқан «Қазақконцерт» ұжымы Қызылорда облысының аудандарын аралап, 100 жылдық мерейтойға орай Роза апамыздың әндерін жаңғыртып, әсем әуен кешін ұйымдастыруда. Осындай керемет шараны ұйымдастырып, елдің алғысын арқалап, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат тұтқан ұжымға аудан тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Бүгінгі шара қазақтың ән падишасы атанған Роза Бағланова есімінің келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білемін. Қазақтың әні, жыры, әуені қарыштап дами берсін. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!»- деп ізгі лебізін білдірді.

Мұнан кейін өнерпаздарға айдынды өлкенің арнайы сый-құрметі көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік концертте қазақ эстрадасының белгілі әншілері Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағанбетова, Құрмаш Махан және "Азия" тобы, «Қазақконцерт» ұйымының басқа да өнерпаздары шырқаған әсем әуендер жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.

309302944_3378479342480428_6070823611914506073_n.jpg

309277514_3378479409147088_6279045728895037062_n.jpg

309359692_3378479215813774_1945548819755370901_n.jpg

310437857_3378354745826221_5438015664983505873_n.jpg

Тағы да оқыңыз: