Kyzylorda-news.kz.  Алтайбек ахунның кесенесі Қоғалыкөл ауылының сол­түс­тігінде 5 шақырымдай жерде орналасқан. Күйдірген қызыл қыштан соғылған. 

20 ғасырдың ортасында су тасқыны кезінде қабырғасы құлап, қирап қалған. Содан бері оған құзырлы мекемелер назар салмаған, реставрация жасалмаған.

Айта кетейік, Алтайбек ахун 1841-1913 жылдары өмір сүрген. Бұхара медресесінде білім алған. Алтайбек ахун ағартушы ғалым Қоңырқожа Қожықтың атасы һәм атақты Қожықовтар әулетінің түп қазығы – бабасы.
IMG_20230131_152636_488.jpg
Сурет авторы: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: