Kyzylorda-news.kz. Тарихи туынды «Қорқыт ата» телехикаясын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның «Кинематография агенттігі» бірлесе түсіреді.
Телехикая 4 бөлімнен тұрады.
«Дала абызына қатысты аңыздардың көпшілігі қазақ даласында сақталған. Өздерінің түп-тамырын Қорқытпен байланыстыратын халықтар көп. Сондықтан бұл телехикая халықаралық нарықта танымал жоба болатынына сенеміз. Ең алдымен, өз тұлғаларымызды дәріптеуде осындай сериалдардың маңызы зор», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.
Министр түсірілім тобына Түркі академиясы зерттеушілерінің Алтайдың Қарақаба жазығынан тапқан V-VІ ғасырға тиесілі қобызды пайдалануды ұсынды.