Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың 75 жылдық мерейтойына арналған «Топырағыңды басқаным, тау асқаным» атты шығармашылық кеш өтті. 

Ақынның алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрсе, «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары»,«Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Қорқыттың көрі», «Керкеткен» тағы басқа драмалық дастандар жазды. 1990 жылы 3 томдық, ал, 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.

Кешке автордың жары Дариға Амангельдиева, ақын, филология ғылымдарының докторы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, мәдениет саласының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Сәрсенкүл Ибрашова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актері Ербол Есендосовтар қатысты.

Шығармашылық кеш барысында ақын өз өлеңдерін оқып, драмалық шығармаларынан үзінділер сахналанды.

Сонымен қатар, сыр өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған ән-жырдан шашу шашты.

Айта кетейік, 23 қараша күні Иран-Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" драмалық дастаны сахналанып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Иранбек Оразбаевты Сыр жұртының атынан мерейлі мерейтойымен құттықтады. Ақынға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауы мен облыстың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының "Құрмет" грамотасы табысталды.

315418751_3260076007579217_3071632612818274664_n.jpg

 

315178392_3260076050912546_3074281858062203238_n.jpg

 

316952337_3260076067579211_6598054066236629570_n.jpg

 

315211857_3260076107579207_6266614547021575082_n.jpg

 

316688472_3260076017579216_4025689947022416791_n.jpg

Тағы да оқыңыз: