Фото: el.kz (Көрнекілік үшін)

Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында жүргізіліп отырған жұмыстар жаңа реформалардың серпіні, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған түбегейлі қайтақұруына белсенді қызмет атқаруда.

Мұнда, Академия филиалының мәдени дәстүрі мен тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбиеге бағытталған музей орналасқан. Бұл музейде ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрибеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашығымен байланыстыратын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу міндетін де атқарады.

Сонау 2000 жылдан бастау алған Академия филиалы Қызылорда облысы әкімінің шешімімен «Қызылорда облысы әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты»Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды.

Қазіргі таңда музей қорында осы аталған кезеңнен басталған хронологиялық ақпараттар толық қамтылған.

Атап айтқанда, 2000 ж. – Қызылорда облысы әкімінің 2000 жылғы 
11 шілдедегі №260 шешімімен «Қызылорда облысы әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды.

2002 ж. – Қызылорда облысы әкімдігінің 2002 жылғы 28 мамырдағы 
№249 қаулысымен «Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институты» Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып өзгертілді.

2005 ж. – Қызылорда облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 маусымдағы 
№447 қаулысымен Қызылорда облысы білім беру департаментінің «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

2007 ж. - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы 
№1 қаулысымен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде құрылды.

2009 ж. - «Мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

2012 ж. – Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 шілдедегі 
№74 қаулысымен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2017 ж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі №559 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.

Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мекемесін түрлі жылдары т.ғ.д, профессор Арынов Қажымұқан Тоқтиярұлы (2000-2001), э.ғ.д Ким Ирина Леонидовна (2001-2004), э.ғ.д. Мұхамеджанова Әлия Ғафурқызы 
(2004-2007), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әжібеков Қалқазбек 
(2007-2016), бюджеттік саладағы тәжірибелі қызметкер Искакова Райхан Хусаиновна (2016-2019), PhD Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы (2019-2024) басқарғандығы туралы ақпараттар қамтылған.

2017 жылдың 26 желтоқсанынан бері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысындағы филиалы ретінде жұмыс жасап келе жатқан мекемеде 14 қызметкер қызмет атқарады. Оның ішінде профессор-оқытушылық құрам – 3 адам. Филиал базасында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында 7 дәрісхана, 
1 компьютерлік сынып жұмыс істейді.

Осы ретте, филиалда жүзеге асып жатқан жобалар туралы ақпарат ұсынып өтейік.

Онда, мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамыту, эмоциялық шаршау қалпының алдын алу және стресске төзімділігін арттыру мақсатында 
«Self- менеджмент» орталығы жұмыс істейді.

Сонымен бірге, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебі тыңдаушыларын оқытатын, арнайы аудитория дайындалды. ISO 37001 – халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жетекші сарапшылар Академия филиалында жұмыс жасайды, олар аталған стандартқа сәйкес ұйымдарға консультациялық қызмет көрсетіп келеді.

Жобалық менеджмент – Академияның Қызылорда облысы филиалында сертификатталған тренерлер облыстың жобалық кеңсе қызметкерлеріне әдістемелік қызмет көрсетіп, аймақтың мемлекеттік органдары қызметіне жобалық тәсілді енгізуді жүзеге асыруда. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-ағартушылық білім берілуде.

Осы ақпараттардың барлығы музейдің танымдық базасында қалыптасқан.

Мемлекеттік қызметшілер, жалпы жастармен ұрпақ сабақтастығын қалыптастыруда Акдемия филиалы музейінің орыны ерекше.

 Ж.Қ.Шынтасов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Қызылорда облысы бойынша департаментінің 

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы 

 

Тағы да оқыңыз: