Kyzylorda-news.kz. Заманында ерлігімен – батыр, шешендігімен – би, көсемдігімен абыз атанған әйгілі Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасының 

ЕРЕЖЕСІ

  1. 1.Жыр мүшәйрасының мақсаты:

-ұлт тарихындағы елдік және ерлік дәстүрді насихаттау;
-ел есінде батыр, би, абыз атымен қалған Әлмерек Жаншықұлының өнегесін ұрпақ санасында жаңғырту;
- Әлмерек Жаншықұлының және оның ел тарихында аты аңызға айналған ұрпақтарының ерлігі мен өрлігінің сабақтастығын таныту ;
-ұлт әдебиетін терең мағыналы, асқақ рухты жаңа жырлармен толықтыру;
-ұлт поэзиясына өзіндік үнімен келген дарынды тұлғаларды анықтау және оларды қолдау.

2. Жыр мүшәйрасының шарттары:

-жыр мүшәйрасына Қазақстан Республикасының барлық өңірінің ақындары қатыса алады;
- мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
- поэзиялық шығармалардың ең көлемдісі 9-10 беттен аспауы керек;
-шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Wordформатында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
- жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ғана ұсынылады;
- жыр мүшәйрасынақатысушы ақын өзінің бүркеншік атын, электронды поштасын, телефон нөмірін baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына жазып жібереді. Мүшәйраға қатысушының нақты аты-жөні көрсетілмейді.

3. Жыр мүшәйрасының мерзімі:

- жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар осы ереже БАҚ-та жарияланған күннен  бастап baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына «Әлмерек жыр мүшәйрасына» деген атпен жіберіледі;
- жыр мүшәйрасына қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 20 сәуірде тоқтатылады;
-қабылданған шығармалар 2024 жылы сәуірдің 23-іне дейін іріктеледі;
- іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері 2024 жылы сәуірдің 25-інде анықталады;
- ең үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та мамыр айына дейін жарияланады.

4. Жыр мүшәйрасының қазылар алқасы:

-қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар әйгілі ақындардан құралады;
- олар жыр мүшәйрасына түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
-анықталған үздік шығармалардың жеңгенорнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
-ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін бөледі.

5. Жыр мүшайрасының бәйгесі:

- бас бәйге –1 млн 500 мың теңге;
-бірінші орын– 1 млн теңге (біреу);
- екінші орын – 700 мың теңге (екеу);
-үшінші орын – 500 мың теңге(үшеу);
-ынталандыру – 200 мың теңге (үшеу);
- жыр мүшәйрасына түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақылдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.

6.Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау

- Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау Әлмерек Жаншықұлы ескерткішінің ашылу салтанаты кезінде болады.
- ең үздік үш шығарма сол күнгі гала- концерт бағдарламасына енгізіледі.
-марапаттау рәсіміне қатысу шығындары қатысушының есебінен болады.
 

Фото: "Naqty"

Тағы да оқыңыз: