Kyzylorda-news.kz   30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті қызметкерлерімен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров, «Қазақстан орыс қауымдастығы» филиалының директоры Наталья Мишукова қатысты.

Кездесуде отбасы институтын сақтауға және жастар арасындағы қоғамның дерті болған лудоманияның алдын алу бағыттындағы мәселелер талқыланды. Департамент қызметкерлері өз ойларын білдірді.

Кездесу соңында департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Сердалиев қонақтарға алғысын айтты.

Тағы да оқыңыз: