Kyzylorda-news.kz. 27 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың барлық аумағында күшті жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстікте, батыста найзағай болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с екпіндегі желдің жылдамдығы 23 м/с артады. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с күшейеді.