Kyzylorda-news.kz.  Мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының әкімшілік-бақылау нысанына негізделген мемлекеттік басқарудың моделі халықтың биліктен күткеніне толық сәйкес келмеді. Нәтижесінде азаматтар мен олардың әл-ауқаты басты құндылықтар болып табылатын мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Тұжырымдама азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсартуды, стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті форматына көшуді көздейді.

Мемлекеттік саясат «Ең алдымен адамдар» басты қағидатына бағынуға және халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына тигізетін әсеріне негізделіп іске асырылып келеді.

Мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты мемлекетпен қоғам қатынасының «төрешіл» моделінен басқарудың проактивті, сервистік және азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш нысанына көшу болуықажет. Сол арқылы халықөзі үшін маңызды шешімдерді таңдауға мүмкіндік алады. Бұл, өз кезегінде, халықтың мемлекетке деген сенім деңгейін арттырады және «адамға бағдарланған» мемлекетті қалыптастырады.

Тұжырымдаманың мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін құруды көздейтін мақсаттарына қол жеткізудегі міндеттерінің бірі – клиенткебағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.

Осы ретте клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат.

Бұл үшін «белсенді тыңдау» құралдарын кеңейту, қолданыстағы құралдарды жетілдіру және жаңа құралдарды енгізу арқылы халықпен өзара іс-қимылдың дәстүрлі арналарын нығайту көзделеді.

Осы орайда мемлекеттік басқарудың жаңа моделі –«Еңалдымен адамдар»принципіне сәйкес азаматтар мен олардың игілігі басты құндылық болып табылғандықтан, Департаменттің бастамасымен «Маманнан кеңес» айдары құрылғанынатап өткен жөн.

«Маманнан кеңес» айдарының мақсаты – қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес алулары үшін мемлекеттік органдардың кеңсесіне жүгінбей, байланыс нөмірлеріне қоңырау шалмай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылған бейнеролик арқылы тиісті ақпарат алу.

Бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру кезінде баяндау тілі мен стилі қарапайым, қысқа және азаматтарға түсінікті болуға тиіс.

Департаменттің бастамасымен ағымдағы жылдың тамыз айында құрылған «Маманнан кеңес» айдарынаҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Арал ауданы әкімінің аппараты және Қазалы ауданы әкімінің аппаратына қарасты бөлімдер арқылы көрсетілетін өзекті, аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге сала мамандарымен бейнероликтер әзірленіп, мемлекеттік органдардың және Департаменттің әлеуметтік желілеріндежарияланды.

Алдағы уақытта облыс көлемінде  көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті сала мамандарымен«Маманнан кеңес» айдары үшін бейнероликтер әзірленіп, апта сайын мемлекеттік органдардың және Департаменттің әлеуметтік желілеріндежарияланатын болады.

Департаменттің осындай бастамашыл іс-шарасы арқылы мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасау процестерітұрақты түрде жеңілдей түспек.


Зухра АРЫНОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы
 

Тағы да оқыңыз: