Kyzylorda-news.kz  Қазалы аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар және қылмыс орын алмаған. Бұл жөнінде Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ғани Құрманалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазалы аудандық полиция бөліміне ағымдағы жыл басынан отбасы тұрмыстық қатынастар аясында – 89 хабарлама тіркеліп, 78 хабарлама бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, 89 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы (қазіргі таңда есепте тұрғаны – 16) шығарылған. Отбасы тұрмыстық қатынастар саласында орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабымен (отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 32 дерек орын алған, 11 азаматқа – әкімшілік ескерту, 9 азаматқа – әкімшілік қамау, 1 әкімшілік айыппұл, 11 азамат жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) – 16 дерек орын алған, 4 азаматқа – әкімшілік ескерту, 11 татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен (ұрып-соғу) – 26 дерек орын алған, 5 азаматқа – әкімшілік ескерту, 4 азаматқа – әкімшілік қамау, 17 татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461 бабымен (қорғау нұсқамасын бұзу) – 4 дерек орын алған. Аталған тұлғаларға әкімшілік қамау жазасы қолданылды.

– Ағымдағы жыл басынан 7 азамат 2 рет отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылық жасағаны үшін, қайталанған «жасыл» санатқа енгізілді.

Ағымдағы жыл басынан – 11 азаматқа (қазіргі  таңда есепте тұрғаны – 8) қатысты «ерекше талап» орнатылды, оның ішінде: 1 азаматқа атыс қаруын, қаруды, пышақты сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынған. Ал, 8 азаматқа алкогольдік ішімдіктер ішуге; 2 азаматқа жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де, тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салуды міндеттейтін тыйым салынған.

«Қорғау нұсқамасы» санатымен профилактикалық есепке алынған – 89 тұлғаның сегізі бөлімнің «маскүнем» санатымен тізімдік есепте және аудандық наркологияның есебінде тұрады. Қазіргі таңда бөлімнің «маскүнем» санатымен 251 тұлға БДБ есебінде тұрады. Аудандық наркологиямен тізім теңестіріліп, ай сайын салыстыру актісі жасалып отыр, – дейді Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ғани Құрманалиев.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында аудандық прокуратураның бастамасымен қорғау нұсқамасы тізіміне алынған – 45 жұмыссыз тұлғаларға қатысты аудандық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Отбасында тұрмыстық қатынастар аясында орын алған жанжал негізінде жәбірленушілерге уақытша баспана ұсыну үшін құрылған Отбасын қолдау орталығына (мекен жайы Қ.Сансызбаев №2) жеткізілген азаматшалар туралы деректер тіркелмеген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Жастар ресурстық орталығы маманының қатысуымен Бірлік, Жанкент ауылдарында ауыл тұрғындарымен кездесу, №234 Ж.Жабаев атындағы мектепте, Жанқожа батыр, Ақтан батыр ауылының мектептерінде, Қазалы аграрлық техникалық колледжінде жиналыстар өткізілді.

Кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу болдырмау бойынша мектеп оқушыларына кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

– Ағымдағы жылдың 15-26 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы және учаскелік полиция инспекторларымен бірге, профилактикалық есепке алынған тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді.

Отбасы тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасап, есепке алынған тұлғалар учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен тұрақты бақылау жұмысы жүргізілуде, – дейді Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ғани Құрманалиев.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 29.12.2015 жылғы №1097 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында аудан көлемінде Қазалы аудандық полиция бөлімінінің ӘЗЗҚ тобымен зорлық-зомбылық проблемалары жөніндегі ақпараттық-ағарту жұмыстары үнемі ұйымдастырылып жүргізілуде. Жыл басынан бері отбасы тұрмыстық саласындағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында әлеуметтік желілерде және газетте 43 мақала жарияланды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында кездесулер өткізіліп, халық көп шоғырланатын жерлерде зорлық-зомбылықтың алдын алу алгоритмі көрсетілген ескертпе жадынамалар таратылды. Прокуратура және аудандық ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесі төрағаларының қатысуымен отбасылық жанжал шығарған құқық бұзушы және жәбірленушімен кездесу өткізіліп, 1 бейнеролик түсірілді.

Халыққа психологиялық құқықтық көмек көрсету бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен психологиялық кеңес берілді.

Фото: zhasalash.kz

Тағы да оқыңыз: