Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаменті Алғашқы кәсіби даярлық басқармасында тәжірибе алмасып жатқан қызметкерлерге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі полиция қызметкерлерінің рөлі туралы ақпарат беріліп, аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы айтылды.
Заң талаптарын сақтау – қоғамдағы тыныштық пен отбасы құндылықтарын қорғаудың басты кепілі.
