Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында студенттермен кездесу өтті.

Әйел – отбасының ұйытқысы. Ол қай кезеңде болмасын бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Бірақ, бүгінгі заманда бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербеткен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналып, қысым көретіндігі, соққыға жығылып, өз құқықтарын білмеуі қоғамдағы маңызды мәселенің біріне айналып келеді. Осы мәселеге тосқауыл болу мақсатында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» аясында «Әйел зорлық, бала қорлық көрмесін» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. 

Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша әйелдер кеңесінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының кандидаты Алтаев Ерлан Аманкелдіұлы, ҚМДБ Мүсірәлі-Ата мешітінің ұстазы Ережепова Гүлнұр Жақсылыққызы, «Орда» жоғары колледжінің аға психологы Асанова Зина Қазыбайқызы және жоғарғы оқу орындарының студенттері мен музей қызметкерлері қатысты. 

Шара қонағы облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова тақырып бойынша әңгіме қозғай отырып, қоғамда кездесетін келеңсіздіктердің алдын-алу жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, ақыл-кеңесімен бөлісті. Осы орайда сала мамандары тақырыпты тереңірек тарқатып, тұщымды ойларымен бөлісті.

318716592_1671977756533075_7175255878661467830_n.jpg

Тағы да оқыңыз: