Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданындағы А.Жанпейісов атындағы №105 қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен Қармақшы Ауданының Полиция Бөлімі ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова және «Жастар денсаулық орталығының» психологі Ә.Кетебаеваның қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында кездесу өтті.
Акцияның негізгі мақсаты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және де отбасылық құндылықты бағалау, отбасындағы тәрбие бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Тақырып аясында бейнероликтер көрсетіліп,оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбол Козыбаков қорытынды сөз сөйлеп, кездесу қонақтарына алғысын білдірді.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан атамыз. Бүкіл адамзаттың асыл қасиеті тәрбиеде жатқанын меңзейді. «Азамат жолы – ар жолы!» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды азаматы болайық, жас дос,» – дейді Айбол Козыбаков.

