Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда өңірлердің 2025-2026 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары қаралды.
Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде тұрғын үй -коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс, ҚР Су ресурстары және иригация вице-министрлері, энергетикалық инфроқұрылымның алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы ҚР Энергетика вице-министрі сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары өңірлердің жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Кеңес отырысына бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық кеңес төрағасы Қожахмет Ілиясов және жауапты сала басшылары қатысты.
Жалпы атап өту керек, өңірде алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға республикалық және жергілікті бюджеттен сонымен қатар ҚЖЭО кәсіпорнының өз қаржысы есебінен 10 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бөлінген қаржыға Қызылорда жылу электр орталығының Боно Энерджи маркалы 3 бу қазандығына жаңғырту жұмыстары сонымен қатар 1 генератор, 4 күштік трансформатор, 10 бу және 21 автономды қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға қаржы бөлініп, 6,7 жылу желісі жөндеуден өткізілген. 280 шақырым электр энергиямен қамту желілері жаңғыртылып, 87 дана қосалқы станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге облыстағы жалпы саны 1079 әлеуметтік нысандардың дайындығы 100 пайызды құрайды.
Облыстағы жылу беру маусымына қажетті көмір көлемі 139 мың тоннаны құрайды. Оның 117 мың тоннасы тұрғындар үшін, ал 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандар үшін қажет. Жауапты басқарма өкілдері өңірлік операторлар тарапынан көмір қорын жасақтау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп отырғандығын айтты.
Өңірлік кеңес мүшелері дайындық жұмыстарын қатаң бақылауға алу және көмір тапшылығын болдырмау, бағасын халыққа тиімді ету жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
