Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы тиісті деңгейде атқарылды.

Жалпы қаңтар және ақпан айларында жүзеге асырылған игі шараға атсалысқан Сыр имамдары мен белсенді жамағат 73 мұқтаж отбасыға 78 тонна көмір жеткізіп берді.

Айта кетейік, қордың бастамасымен жылу маусымында отын-көмір сатып алуға шамасы келмейтін тұрмысы төмен жанұяларға көмек көрсету мақсатында «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Аталмыш бастама Сыр имамдары тарапынан қолдау тауып, жыл сайын дүстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: