Kyzylorda-news.kz. «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі арқылы Қызылорда қаласының тұрғындарына белгіленген тәртіпте жылу беріліп жатыр.

«Жылу желісіне келіп түсетін су температурасы бойынша ±3% аспайтын деңгейде электр станциясының бас қақпаның артына берілген режимнен ауытқуды қамтамасыз етілді. Нәтижесінде жылу желілеріндегі желілік судың бекітілген температуралық кестесі сақталды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын тұтынушылар энергия көздерінен – ЖЭО (жылу электр орталығы), Оңтүстік қазандықтан, «Белкөл» қазандығынан, АБМК №1,2,3,4,8,9,10,11,12,13,14,15,16 жылумен қамтамасыз етілді. 2020 жылдың 10 қаңтарына сыртқы ауаның орташа температурасы -7 градус болғанда жылу желісіне су беру температурасы 68,0 градус Цельсияны, кері су 53,0 градус Цельсияны құрады », – делінген ҚР ЭМ АЭҚБК Қызылорда облысы бойынша  аумақтық департаментінің таратқан хабарламасында.

Көрсетілген барлық энергия көздеріндегі пайдаланылатын отын қорының көлемі талапқа сай.

Тағы да оқыңыз: