Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысанның жұмысымен танысып, Әйтеке би кенті көшелерін аралады.

Алдымен, «Қызылорда жылу электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Қазалы-Теміржол жылу» филиалына барып, ондағы жылу беру жұмысының барысын көрді.

Мұнда «Қазалы-Теміржол жылу» филиалының директоры Еркін Алпысбаев жылу беру орталығының атқарылған жұмыс барысымен таныстырып өтті.

Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы мекеме басшысына тұтынушыларға жылу беруді үздіксіз қамтамасыз етуді, сонымен қатар, аудан орталығындағы тұрғын үйлерде жылу жүйесіндегі ақаулықтар орын алған жағдайда шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мұнан соң «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырларын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесіне барып, мекеменің жұмысын көрді. Сондай-ақ, бөлімше басшысы Дәулет Тұяқбаевқа тұрғындарды ауызсумен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз жұмыс жасап, тұтынушылар ауызсуды қалыпты жағдайда пайдалану керектігін ескертті.

Мұнан кейін Әйтеке би кентіндегі көмір қоймаларындағы қатты отынның қорын бақылап, «Алтын көпір» аумағы мен Қ.Ерімбет, Қ.Пірімов, Бегім ана көшелерін аралады. Сонымен бірге, жауапты сала басшыларымен Қазалы ауданы орталығындағы Жанқожа батыр көшесіне жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарының жобасын талқылады.

Қазалы ауданы басшысы Әйтеке би кенті әкіміне көше бойындағы істен шыққан жарықшамдарды қайта қалпына келтіру, ретсіз өскен шөптерді шабу, ағаш түптерін балақтау, қоршаулар мен бағаналарды, жол белгілерін сырлау және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың алдында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтіру жөнінде кәсіпкерлерге ескерту беруді қатал тапсырды.

Тағы да оқыңыз: