Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы денсаулық сақтау және білім саласының жылу қазандықтарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Білім саласы бойынша 1 мектеп газбен, 2 мектеп және 1 мемлекеттік балабақша қатты отынмен жылытылса, 17 мектеп, «Ақтерек» сауықтыру лагері, 9 мемлекеттік балабақша ғимараттары сұйық отынмен жылытылады.
2022-2023 от жағу маусымына дайындық жұмыстарына сәйкес мектептердегі бу қазандықтарының жалпы жағдайларына тексеру жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан, бұзылып тұрған қосалқы бөлшектеріне қажетті құрал-жабдықтар алынып және №188 орта мектепке 2 қазандық орнатылған.
Денсаулық сақтау бойынша Жалағаш аудандық ауруханасына 2022 жылға қажетті отын қоры жалпы аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшелер ішінің бөлме температурасы 27-28 градусты көрсетіп тұр. Барлық ауданға қарасты елді мекендерге қатты отын қоры толығымен жеткізілген. Авариялық жағдайдағы бу қазандықтары жоқ.
Жалағаш ауданы бойынша аудандық аурухана, аудандық емхана және жұқпалы аурулар бөлімі газбен жылытылады. Ал елді мекендердергі 10 дәрігерлік емхана, 2 медициналық пункт, 2 ФАП, 2 ауылдық аурухана тас көмірмен жылытылады.


