Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияның облыстық  және қалалық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиялары өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жобаларының құрылыс жұмыстарымен танысып, алдағы жылу маусымына дайындықты пысықтады. 

Мониторингтік топ алдымен «Қызылорда қаласында ТК-21-ден ТК-25-ке дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасының жүргізілу барысын қарады. Жобаның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталған. Жалпы жаңғыртылып жатқан жылу желілерінің ұзындығы 0,23 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жылу желілері жаңғыртылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба аясында 10 мың абонент, 50 көпқабатты тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысан тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі. Жұмыс мерзімінде аяқталуда. 

Аманаттықтар әрі қарай Қызылорда қаласындағы АБМҚ-1-ден Сырдария м/а №1-23 тұрғын үйлері және №264 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жаңғыртылып жатқан жылу желілерінің ұзындығы 1,63 шақырым екен. Бұл жұмыстарды «Ақмешіт-мелиоратор» ЖШС-і жүргізуде. Негізгі жаңғырту жұмыстар аяқталған. Қазір тек көму, жабу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 5 мың абонент, 24 көпқабатты тұрғын үй және 1 мектеп тұрақты жылумен қамтамасыз етуге толық дайын. 

Жасалып жатқан жұмыстарды тағы бір көзбен көріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарды пысықтаған мониторингтік топ өкілдері жылу маусымына дайындық барысы партиялық бақылауда болатынын айтып, бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарау керек екенін назарға салды. 

Тағы да оқыңыз: