Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістен кейін қала әкімі Нұржан Ахатов алдағы жылу беру маусымына дайындықты әлі де ширату қажеттігін тиісті сала басшыларына тапсырды.

Қазір қаладағы көпқабатты 1 022 тұрғын үйдің 808-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қалғаны автономды модульді бу қазандықтары арқылы жылытылады. Жылу беру орталықтарына қажетті резервтік 4 761 тонна мазут отыны дайын, ал газ желісіне қосылмаған жеке секторлар мен ауылдарды қамтуға қатты отын қоры алынуда. Бүгінде 5,1 шақырым кварталаралық жылу құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 67 пайызы орындалып отыр. Ал, сол жағалаудағы автономды блокты модульді қазандықтың жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оны толық іске қосуға қажетті қаражат қаралуда. Әлеуметтік нысандар дайындығы күнделікті тексеруден өтуде.

Жиын соңында шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы жылу беру маусымына әзірлік жұмыстары күнделікті бақылауда болатындығын айтып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Тағы да оқыңыз: