Жыл сайын 30 мың IT-маманға қажеттілік туындайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жыл сайын 30 мың IT-маманға қажеттілік туындайды

30.06.2020, 11:20

153 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күннің өзінде IT-мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев онлайн өткен Үкімет отырысында айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізілуде. Оның ішінде бизнес пен экономика салаларын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Экономиканы цифрландырудың басты қозғаушы күші ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді. Нәтижесінде, жаңа жоғары технологиялы компаниялар пайда болады. Бүгінгі күннің өзінде IT – мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды, – деді ол.
Жұмағалиев айтқандай, заман талабына сай цифрлық мамандарды даярлау мектеп партасынан басталады.

«Биыл 10 үздік ЖОО-ның пулы құрылды. Олар өздерінің бағдарламаларын халықаралық университеттермен бірігіп әзірледі. Елімізде IT бойынша болашақ мамандарды даярлау бойынша тиімді әдістер енгізіліп жатыр», – деді ол.

Министр цифрлық сауаттылықты арттыру аясында жергілікті атқарушы органдармен бірге бірқатар курс өткізілгенін айтты.

«Екі жыл ішінде цифрлық сауаттылық курстарына 1,2 млн-нан астам азамат қатысты. Биыл 400 мыңнан астам азаматты оқыту көзделген. Пандемияға қатысты азаматтар онлайн оқытылып жатыр», – деді ол.

baq.kz

0

Пікір қалдыру