Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан Қазалы ауданында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі – 5,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі 100,8 пайызды құрап отыр. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,3 пайызға артып, көлемі 3,1 млрд. теңге болып отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20 423 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 пайызға артық орындалды.
Мұнан бөлек, жалпы құны 16,9 млрд. теңге құрайтын 23 инвестициялық жоба дайындалып, құжаттары толық әзірленіп, облыстық басқармалар арқылы тиісті орталық атқарушы органдарға бюджеттік өтінімдері ұсынылды.

Айта кетейік, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың ауданда 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы брифингі өткен болатын..
 

Тағы да оқыңыз: