Kyzylorda-news.kz ​Жыл басынан бері Қызылорда облысының 1000 тұрғыны дербес мнеджер қызметін пайдаланды, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы.

Айзада Әбдіханова жеке менеджердің қызметін пайдаланған мыңыншы қызмет алушы болды. Ол жер учаскесіне құқық алу үшін құжаттарды рәсімдеуге келді. Жеке менеджердің қызметі туралы ХҚКО-ға жүгінгенге дейін білген.

"Біз өмір бойы өз үйін салуды армандадық. Жер учаскесін сатып алуға шешімге келдік. Туыстарым жеке менеджердің қызметін пайдалануға кеңес берді. Айта кетейін, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы сервис", – дейді Айзада Әбдіханова.  

Кез келген қызмет алушы жеке менеджердің қызметін пайдалана алады. Басым кезек бойынша қызметтерді алу үшін қызмет алушы ресепшндегі маман-кеңесшіге жүгініп, "жеке менеджер" қызметін сұрауы керек. Айтпақшы, қажет болған жағдайда жеке менеджер үйіңізге де бара алады.

Естеріңізге сала кетейік, қызмет алушылар жеке менеджердің қызметтерін үйге тапсырыс бере алады. Тағы да, сіз дайын құжаттарды Астан данғылы 46 мекен-жайы бойынша орналасқан тәулік бойғы постомат арқылы ала аласыз, сондай-ақ дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік бар.

8.jpg

Тағы да оқыңыз: