Kyzylorda-news.kz Кеше «AMANAT» партияның Сырдария, Байқоңыр, Қармақшы аумақтық филиалдарының кезекті есеп беру жиыны өтті. Партияның облыстық филиалының ішкі жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылған аппарат жиынында аталған аумақтық партия филиалдарының атқарушы хатшылары жыл басынан партия филиалымен атқарылған жұмыстарды баяндады.
Атап айтқанда партияның «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арланған сайлауалды бағдарламасын өңірде жүзеге асыруға бағытталған жол картасы тармақтарының орындалуы, қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініштердің шешілу динамикасы, партиялық жобалардың жүзеге асуы, депутаттық фракциялар және ақпараттық жұмыстар мен ішкі партиялық жұмыстар бойынша есеп берді.
Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова сондай-ақ жауапты бөлім басшылары да қатысып, жарты жылдық жұмыстарға жасалған мониторинг қорытындысын таныстырды. Нәтижелі жұмыстар тәжірибеге ұсынылса, кемшін тұстар бойынша сын-ескертпелер айтылып, жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстар ортаға салынды.
Жиын соңында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, партияластарды мұнымен тоқмейілсімей, жұмысты жетілдіре түсуге шақырды.