Kyzylorda-news.kz Astana Media Week-2024 форумына қатысушылар диктант жазды. 

Қазақ тіліндегі аббревиатураларды дұрыс жазу мақсатында ұйымдастырылған диктант «Мақсат» тақырыбында өткенін айта кетейік. 

Жаппай диктантқа аймақтардан келген БАҚ өкілдері мен баспасөз хатшылары қатысты.

Диктантты журналист Мөлдір Доспаева жүргізді. Оның айтуынша, шара біреудің қатесін бетіне басуға емес, керісінше  тілшілердің тілдік қорын дамытуға, сауатты жазуға дағдыландыруға бағытталған.

Сурет "Егемен Қазақстаннан" алынды.

Тағы да оқыңыз: