Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен алғашқы рет «Караоке BAQ» мерекелік сайысы өтті. Тартысты сайыс басталмас бұрын облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов журналистер клубының белсенділеріне жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді дәріптеуде қосқан елеулі үлестері үшін Алғыс хат пен Monamie бутигіне сертификат табыстап, ізгі лебізін білдірді.

«Құрметті БАҚ өкілдері, Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жыл басынан бері республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында, 6 ай көлемінде 1409 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда 880 жариялым, 320 бейнематериал, БАҚ және Интернет ресурстарында 209 мақала жарық көрді.  Бұл игі істерде, яғни өңірлік ассамблея жұмысын  ақпараттандыруда Сіздердің тікелей үлестеріңіз бар. Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүр бойынша 28 маусым - төл мерекелеріңізге орай кездесулер, одан бөлек түрлі байқаулар, семинар-тренингтер өткізіліп тұрады. Бұл жолы ерекше форматта караоке сайысы өтуде. Баршаңызға сәттілік тілеймін»,- деді Бақытжан Камалов.

Мерекелік шарада қатысушылар арнайы Журналистер клубының жұмысын бейнелейтін Фотостендіде естелік суреттерге түсіп, бейнеролик тамашалады. Мұнан соң қатысушылар бір түсті шарларды таңдап, үш топқа бөлінді. Топтар атауларын таңдап, оны таныстырды. Бірінші топ – «Makeba», екінші топ – «BAQ like», үшінші топ – «7 МУЗ».

Алғашқы тур – «Угадай мелодию» домбырамен қазақша айтылған шетел әндерін табу болды. Бұл турда «Makeba» мен «7 МУЗ» командалары 40/40 ұпаймен алға шықты. Ал екінші тур – «Кім тапқыр?» кері қарай айтылған қазіргі хит әндерді шапшаң тауып, айту. Бұл турда тағы да «Makeba» командасы мықтылығын паш етіп, 40 ұпай алды. Соңғы турда командалар әртүрлі ұлттардың қазақша, орысша, өзбекше әндерін шырқады.

Сайыс нәтижесінде жүлделі бірінші орынды - «Makeba», екінші орынды - «7 МУЗ», үшінші орынды - «BAQ like» командасы жеңіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ерекше көңілді күйде тарқасты.

357095159_3525888954396926_211719574273288795_n.jpg357020941_3525889024396919_8780025171301349373_n.jpg356862501_3525889177730237_414381592703053160_n.jpg

Тағы да оқыңыз: