Kyzylorda-news.kz РАТТ мүшесі, журналист-теолог, ҚР журналистер одағының мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлы «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жастарымен кездесті. Шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Исаева және ұйымдастырушы педагог Айбибі Жәнібек қатысты.
Жоспарлы жиынға жүзге жуық білім алушы қатысып, тақырып аясындағы түсіндірме жұмысын тыңдады. Кеш қонағы Салтан Сайранұлы ислам дінінің таралу тарихынан бастап, діни алауыздық тудыратын деструктивті ағымдардың мақсаты елді бірлігінен ажырату және ынтымақты жою екенін айта келе олардың сипатын түсіндірді. Деструктивті діни бағыттағы топтардың ақпарат таратуы, арандатушылық тудыру мәселесі, одан туындайтын мәселелер мен құқықтық тұрғыда ақпарат берді.
Сондай-ақ қоғамның қозғаушы күші жастар екенін, жастық жігер мен уақытты ел игілігіне, әр адам өз болашағының жарқын болуы бағытында жұмсау керектігін айтып, жастардың ел игілігі жолында атқарған жұмыстарына, инновациялық бағдарламаларға тоқталды.
Студент жастар тарапынан туындаған тақырып аясындағы бірқатар сауалдарға жауап беріп, пікір алаңы құрылды.
