Kyzylorda-news.kz Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі – трагедия…

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Алматыда бірінен соң бірі өз-өзіне қол салып, көз жұмған қыздар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, оқушы қыздардың суицидке баруы – трагедия.

Бұл туралы ойын журналист Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жазды.

«Алматыда тағы да 12 жасар қыз көп қабатты үйден секіріп қайтыс болды. Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі – трагедия… Бұл балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес! Далбаса әңгіме! Немқұрайлылық! Иә, өздеріңіз жіберген қателіктер…», – деп жазды журналист.

Без названия.jpg

Фото: Бибігүл Дәулетбекқызының фейзбуктегі парақшасынан

Тағы да оқыңыз: