Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында мас ер адам бұрынғы жұмыс орнына жарылғыш зат қойдым деп жлған хабарлама берген.

Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы Тасбөгет кентінде орналасқан медициналық мекемеге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған. Аталған ғимарат жару-техник мамандарымен тексеріліп, онда жарылғыш зат табылған жоқ. Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген мекеменің бұрынғы қызметкері 47 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. 

Тергеу барысында жалған хабарлама берген азамат қызметінен босап қалуына байланысты ызаланып, масаң күйде хабарлама бергені анықталды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 

Тағы да оқыңыз: