Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. 

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, облыс әкімдігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Шакирбаев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Б.Шерниязов, облыстық экономика және қаржы басқармасының жобалық басқару бөлімінің статисті Ә.Абсадық, «ZOOM» платформасы арқылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Н.Бодыбаев және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер, «ZOOM» платформасы арқылы кент, ауылдық округ әкімдері, заңгерлері мен бағынысты квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономикалық құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіндігін жеткізіп, ел дамуына елеулі қауіп төндіретіндігіне тоқталды.

 Сырдария ауданында сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызметкерлерге таза, нақты, әділетті түрде жұмыс жасау керектігін үнемі ескертіп келеміз. Сыбайлас-жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықты болдырмау мақсатында әрбір мекемеде семинар кеңестер өткізіліп тұрады. Әрине, жемқорлық жайлаған қоғамда елдің дамуы бәсеңдейді. Сондықтан біз кеселмен күресті тоқтатпаймыз, – деді аудан әкімінің орынбасары.  

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Шакирбаев, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жобасы аясында», облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Б.Шерниязов «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жобасы туралы», облыстық экономика және қаржы басқармасының жобалық басқару бөлімінің статисті Ә.Абсадық «Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі жұмыстар туралы», облыстық Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Н.Бодыбаев «Аудандағы норма шығармашылық қызметтің жағдайы туралы” тақырыбында хабарлама жасады.

Жұмыс тобының өкілдері жиында көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстарға жауаптарын жолдап, сонымен қатар, жұмыс барысында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтап, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттілігін жеткізді.
 

Тағы да оқыңыз: