Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама қоғамның еңбек адамына деген құрметін арттырумен қатар, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын қайта бағалауға үлкен серпін береді.
Алдағы уақытта әлемдегі еңбек нарығы өзгерістерге ұшырап, жаңа талаптар туындайды. Цифрландыру мен автоматтандырудың өркендеуі көп салаларда адам еңбегін алмастыратын жаңа технологиялар мен жүйелерді әкелетіні белгілі. Бірақ бұл өзгерістердің арасында жұмысшы мамандықтардың маңызы артады. Қазалы аграрлы-техникалық колледжі өз студенттерін дәл осы өзгерістерге бейімдей отырып, олардың заманауи техникалық дағдылар мен практикалық тәжірибені меңгеруіне жағдай жасайды.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі жұмысшы мамандықтарға деген жаңаша көзқарасты қалыптастыруда жетекші рөл атқаруда. Атаулы оқу орны келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарып келеді:
- Материалдық-техникалық база: Оқу шеберханалары мен зертханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
 - Жұмыс берушілермен әріптестік: Аймақтағы жетекші компаниялармен тығыз байланыс орнатып, студенттерімізді өндірістік тәжірибеден өткіземіз және оларды жұмыспен қамтуға көмектеседі.
 - Түлектерді қолдау: Колледжден түлеп шыққан мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары. Біз олардың мансап жолында сәтті қадам жасауына барынша жағдай жасайды.
 
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Қазалы аграрлы-техникалық колледжі «Ветеринария» мамандығының студенттері үшін, өңіріміздегі ірі кәсіпорын «РЗА-Асыл түлік» ЖШС базасында ашық есік күні өткізілді. Шараның басты мақсаты болашақ жас мамандарға өз мамандықтарының маңызын түсіндіріп, теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайда қолдана білуін қамтамасыз ету және кәсіби дағдыларын қалыптастыру және жұмысшы мамандығының беделін арттыру.
Өндіріс орында студенттеріміз кәсіби тәжірибе жинақтап, оқу барысында алынған білімді практикада қолдана білді. Мамандық ерекшеліктерін терең түсіну – нақты жұмыс орнында кәсіби міндеттерді орындау арқылы мамандықтың нақты қырларын үйрену.
Жұмыс дағдыларын қалыптастыру – ұйымдастырушылық, коммуникативтік және техникалық дағдыларды дамыту. Жауапкершілік пен дербестікті арттыру – тапсырмаларды өз бетінше орындау және шешім қабылдау қабілетін дамыту. Болашақ еңбек қызметіне бейімделу – кәсіби ортадағы қарым-қатынас пен этиканы меңгеру.

