Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 25-і күнгі ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қыркүйектің 25-і күні республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Республика бойынша кей жерлерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Республиканың кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Тағы да оқыңыз: